Архив событий

26/09/2016

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында республика сот жүйесінің дамуы туралы көрме жұмысы жалғасуда

26/09/2016

Ағымдағы жылғы 21 қыркүйектен бастап Астана қаласындағы тәуелсіздік сарайында «Қазақстандағы сот билігі: тарихы мен қазіргі кезеңі» атты көрме өз жұмысын бастады. Бүгінде көрмені елорданың 1100-ден астам тұрғыны мен қонақтары тамашалап үлгерді. Олардың арасында жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері, жоғары сынып оқушылары, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері бар.

Жоғарғы Соттың делегациясы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғарғы сот төрағаларының он бірінші кеңесінің жұмысына қатысты

26/09/2016

А.ж. 22 қыркүйегінде Душанбе қаласында (Тәжікстан Республикасы) Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің жоғарғы сот төрағаларының он бірінші кеңесі өтті.

Кеңес жұмысына Мамандандырылған сот алқасының төрағасы А.Қ. Қыдырбаева бастаған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясы қатысты.

Павлодар облыстық сотында балаларға қатысты даулар бойынша медиацияны өткізу ерекшеліктері талқыланды

26/09/2016

Павлодар облыстық сотында облыс судьяларының, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары, МЕҰ, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің, кәсіби медиаторлардың және нотариустардың қатысуымен  «Балаларға қатысты даулар бойынша медиацияны өткізу ерекшеліктері» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті.

Қарағандыда Қазақстан Республикасының судьялары арасында артық жарыстар өтті

26/09/2016

Қарағандыда еліміз тәуелсіздігінің 25-жылдығына және Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезіне орай Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының VIII спартакиадасы өтті.

Жарыстар «Жастар» спорттық кешенінде өтті, онда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотынан, Астанадан, Алматыдан және еліміздің барлық облыстарынан келген 135 судья спорттағы өз қабілеттерін көрсетті.