Архив событий

31/08/2016

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық сотында жаңа судьяны таныстыру рәсімі өтті

31/08/2016

Маңғыстау облыстық сотының судьясы Хамида Қаженова Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 17 тамыздағы «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Жарлығымен Қарақия аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалған Несіп Дарғұлованы сот ұжымына салтанатты түрде таныстырды.

Несіп Дарғұлова сот саласында 11 жыл істеді.

Х.Қаженова судьяның сот төрелігін жүзеге асыру кезінде әділдік пен бейтараптылық қағидатын ұстанатынына сенім білдірді.

Қостанайда жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады

31/08/2016

Қостанай облыстық сотында жаңадан тағайындалған судьялардың ант қабылдау рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев және өңір судьялары қатысты.

Президенттің Жарлығымен Анара Шаймұрынова Әулиекөл аудандық сотының судьясы, Жаннара Тілеубаева және Жасұлан Асылбеков қылмыстық істер жөніндегі мамандандарылған ауданаралық сотына судья болып тағайындалды.