Сот жюриі

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында жалпы отырысында

17/02/2017

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында облыстық соттың жалпы отырысы өтті.

Іс-шараны ашқан сот төрағасының міндетін атқарушы Бахыт Қасейінов Жоғарғы Сот тапсырмасын орындау мақсатында жалпы отырыс жұмысын ұйымдастыру тәсілі өзгергенін атап айтты. Енді сот практикасын талқылауды кең тәжірибеге енгізу, сот төрелігін іске асыру кезінде заңдылықтың сақталу мәселесін қарау, соттардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу жоспарлануда.

Шығыс Қазақстан облысының соттары кәсіби қызметті бағалаудан өтті

01/09/2016

Ағымдағы жылдың 22-25 тамызы аралығында Шығыс Қазақстан облыстық соттарының судьяларын кәсіби бағалаудан өтті. Бағалау Жоғарғы Сот жанындағы Сот жюриінің біліктілік комиссиясы тарапынан жүргізілді.

Кәсіби қызметі бағаланатын Шығыс Қазақстан облысының соттары судьяларына еңбек өтілі 5 жылдан 20 жылға дейінгі аралықты құрайтын судьялар кіреді.

Қарағанды облысы соттарының мерзімді кәсіби қызметін бағалау бойынша ақпарат

17/08/2016

Сот жюриінің біліктілік комиссиясы 2016 жылдың 8-12 тамызы аралығында Қарағанды облыстық соттары судьяларын мерзімді кәсіби қызметін бағалаудан өткізді.

Кәсіби қызметі бағаланатын судьяларға, еңбек өтілі 5 жылдан 20 жылға дейінгі аралықта болатын судьялар кіреді.

Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысы судьялары кәсіби қызметінің бағалауы өтті

22/06/2016

Ағымдағы жылдың 7-13 маусымы аралығында Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстық соттары судьяларының кәсіби қызметін бағалау жоспарға сәйкес өткізілді.

Аталған үш облыстан 157 судьяның кәсіби қызметі бағаланып, оның 147 судьясы атқаратын лауазымына сай деп танылды, 10 судьяға кәсіби біліктілігін арттыруға және бір жыл өткеннен кейін кәсіби қызметіне қайта бағалау жүргізу жөнінде ұсыным жасалды.

Алматы қаласы мен Алматы облысы судьяларының кәсіби қызметі бағаланды

23/05/2016

Ағымдағы жылдың 12-19 мамырда Сот жюриінің біліктілік комиссиясы Алматы қалалық соты, Алматы қаласының аудандық және оған теңестірілген соттары, сонымен қатар Алматы облыстық соты, Алматы облысының аудандық және оған теңестірілген соттары судьяларының кәсіби қызметін бағалауды жоспарға сәйкес өткізді.

Судьялық жұмыс өтілі 5 жылдан 20 жылға дейінгі аралықтағы судьялардың кәсіби қызметі бағаланды.

Сот жюриінің біліктілік комиссиясы Ақмола облысы судьяларының кәсіби біліктілігін бағалады

15/04/2016

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары құрамындағы Сот жюриінің біліктілік комиссиясы екі күн ішінде Ақмола облысы судьяларының кәсіби қызметін бағалады.

Сот жюриінің төрағасы Жоғарғы Соттың судьясы Моряк Шегеновтің басшылығымен біліктілік комиссиясы қызмет атқарып жатқан судьялардың лауазымдарына сәйкестігін тексерді. 

Сот жюриінің біліктілік комиссиясы жұмыс істеп жүрген судьялардың кәсіби қызметін бағалады

30/03/2016

Сот жюриінің біліктілік комиссиясы жұмыс істеп жүрген судьялардың кәсіби қызметін бағалады. Бағалау судьялар корпусының сапалық құрамын жақсарту, олардың кәсіби біліктіліктерін арттыруды ынталандыру, істерді қарау барысындағы заңдылықты нығайтуға жауапкершіліктерін арттыру, азаматтардың құқықтары мен қоғамның мүддесін қорғау мақсатында жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 24-28 наурыз аралығында алғаш рет жоспарлы түрде Астана соттары судьяларының кәсіби қызметі бағаланды.

Жоғарғы Сотта Сот жюриінің жаңа құрамы сайланды

02/06/2015

Бүгін, 2015 жылы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысында Сот жюриінің жаңа құрамы сайланды. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 38-1-бабына сәйкес Сот жюриі жұмыс iстеп жүрген судьяның кәсiби жарамдылығын анықтау, судьяның отставкаға шығу және оны тоқтату құқығын растау, сондай-ақ судьяларға қатысты тәртіптік іс жүргізуді, тәртіптік істерді қозғау туралы мәселені қарау үшін құрылады. Сот жюриінің төрағасы болып Жоғарғы Сот судьясы М.С. Шегенов сайланды.