Жоғарғы Сотта Сот жюриінің жаңа құрамы сайланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылғы 15 қаңтарда Жоғарғы Соттың жалпы отырысында оның қатысушылары Сот жюриінің жаңа құрамын сайлады.

Жоғары сот органының төрағасы Қайрат Мәми өз сөзінде сот жюриі «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына енгізілген өзгерістер ескеріле отырып құрылғанын еске салды. Атап айтқанда, енді Сот жюриі жұмыс істеп жүрген судьялардың кәсіби қызметіне баға беріп, судьяның орнынан түсу құқығын растайтын және оны тоқтататын болады, сондай-ақ судьяларға қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы мәселелерді, тәртіптік істерді қарайды.

Заңның 22-бабына сәйкес, Сот жюриінің құрамы жасырын дауыс беру жолымен сайланды. Оған аудандық соттардың 3 судьясы, облыстық және Жоғарғы соттардан 5 судьядан және орнынан түскен 3 судья енді.

Сот жюриінің төрағасы болып Моряк Шегенов сайланды.

Сот жюриі біліктілік комиссиясының құрамына Жоғарғы Соттың судьялары Роза Жакудина, Сара Жармұхамбетова, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Айман Сағындықова және Әскери соттың судьясы Қуаныш Саманбетов, орнынан түскен судьялар Бағдат Ахметов, Қайынжамал Бухбанова мен Амангелді Рысқалиев енді.

Тәртіптік комиссияның құрамына Жоғарғы Соттың судьялары Маргарита Одинцова мен Айгүл Сапарова, Астана қалалық сотының судьясы Кенже Ақтайлақов, Алматы қалалық сотының судьясы Гүлбарам Есжанова, Қарағанды облыстық сотының судьясы Асқар Тұрысбаев, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың төрағасы Ербол Ахметжанов, сондай-ақ Ақмола облысы мен Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарының төрағалары Айсұлу Жұматова мен Назиля Раззак сайланды.

Сот жюриінің жаңа құрамы «100 нақтылы қадам» Ұлт жоспарын орындау үшін сайланды. Атап айтқанда, 19-шы қадамда судьялардың есептілігін күшейту, судьялардың жаңа Әдеп кодексін әзірлеу көзделген. Солардың негізінде азаматтар Жоғарғы Соттың жанынан құрылған Сот жюриіне судьялардың іс-әрекеттеріне шағымдана алады.

«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Жоғары Сот Кеңесі, сот жүйесі және судьялардың мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына енгізілген түзетулермен судьялардың кәсіптік қызметіне баға беру айқындалып, Сот жюриінің құрамы мен өкілеттіктері, судьяларға қатысты материалдарды Сот жюриінде қараудың негіздері көрсетілді. 

Сот жюриі біліктілік комиссиясынан және тәртіптік комиссиядан тұрады. Біліктілік комиссиясы жеті мүшеден – облыстық соттардың екі судьясынан, Жоғарғы Соттың екі судьясынан және орнынан түскен үш судьядан тұрады. Тәртіптік комиссия тоғыз мүшеден – аудандық және оған теңестірілген соттардың үш судьясынан, облыстық соттардың үш судьясынан және Жоғарғы Соттың үш судьясынан тұрады.

Осылайша, Сот жюриі оған Ұлт жоспарында көрсетілген міндеттерді орындауға дайын. Біліктілік комиссиясы жұмыс істеп жүрген судьялардың кәсіби қызметін бағалауды жүзеге асырады, тәртіптік комиссия - судьяның орнынан түсу құқығын растау, сондай-ақ судьяларға қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы мәселелерді қарайтын болады.

 

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі