Архив событий

22/01/2016

Жоғарғы Сотта 2015 жылғы сот төрелігін атқарудың қорытындысы бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті

22/01/2016

Бүгін Жоғарғы Сотта жоғары сот органы судьяларының 2015 жылы сот төрелігін атқарудың қорытындысы бойынша «Заң үстемдігін қамтамасыз ету –соттардың басты міндеті» атты кеңейтілген мәжілісі болып өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Марат Бекетаев, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Анатолий Смолин, облыстық соттардың төрағалары, Судьялар одағы мен Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы қатысты.

Сот алаяқтық жасаған екі ағайынды адамға қатысты үкім шығарды

22/01/2016

Талдықорған қалалық соты алаяқтық жасаған ағайындылар Кимге қатысты  қылмыстық істі қарады.

Сотталушылар бірнеше рет жасалған алаяқтық,  алдау және сенімге кіру жолымен, 2015 жылдың наурыз және мамыр аралығында Вадим  мен  Владимир Ким бөтен мүлікті жымқыру мақсатында Оңтүстік Корея Республикасына жұмысқа орналастыру сылтауымен, Талдықорған Әділет басқармасында және Алматы облысының Әділет департаментінде  ЖШС-ні  тіркеуден өткізіп, кеңсе ашқан.

Жер қатынастары бөлімінің басшысы сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталды

22/01/2016

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты Бурабай ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Жакеновке қатысты қылмыстық істі қарады.

Б.Жакенов өзінің қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, жер телімін заңсыз бергені туралы фактісін жасыру үшін азамат К-дан 20 000 АҚШ долларын талап еткен. Бөлім басшысын 1 000 000 теңге көлеміндегі бастапқы соманы алу кезінде сыбайлас жемқорлықтын алдын-алу қызметкерлері ұстады.