Архив событий

19/01/2016

Екі қызметтесінің өліміне кінәлі әскери қызметкер 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді

19/01/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты Өскемен қаласындағы көшпелі сот мәжілісінде қатардағы жауынгер Қ.Тоқтаровқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімін жариялады.

2013 жылғы 18 қарашасынан бастап Қ.Тоқтаров атқыштар батальонының маманы болып Ұлттық Ұланның № 6 әскери бөлімінде әскери қызметін Е.Ахметжанов және  А.С. Түсүпбекпен бірге өтеп жүрген.

2016 жылғы 15 қаңтардағы Жоғарғы Сот Жалпы отырысының кейбір шешімдері туралы

19/01/2016

Ағымдағы жылғы 15 қаңтарда өткен Жоғарғы Соттың Жалпы отырысында оның қатысушылары Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Жалпы отырыс қатысушыларының талқылауынан кейін жалпы отырыстың және оның төралқасының регламентіне өзгерістер мен толықтырулар қабылданды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы пара алғаны үшін сотталды

19/01/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында Қызылорда облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы М.Қошқаровқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы М.Қошқаров мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам бола тұра, жобалардың сараптамасының оң қорытындысын шығару үшін кәсіпкерлерден бірнеше рет пара алған.

Сонымен қатар, сотталушының автокөлігі және үйін тексеру барысында бірнеше тапанша оқ-дәрілерімен және 2 дана жарылғыш зат табылған.

Сот Шет ауданының қамқоршыларына төленген балалар жәрдемақыларын заңды деп таныды

19/01/2016

Қарағанды облысының Шет аудандық сотына «Шет ауданының білім беру бөлімі» ММ-і 8 жауапкерден заңсыз төленген жетім балаларды асырап-бағуға арналған жәрдемақыларды өндіру туралы талабымен жүгінген.