Архив событий

20/01/2016

Ақмола облыстық сотының төрағасы БАҚ өкілдерімен кездесті

20/01/2016

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов «Сот жүйесін жетілдіру бойынша тапсырмаларды іске асыру және Ақмола облысы соттарының 2015 жылғы қорытынды жұмысы туралы» тақырыбында журналистермен кездесу өткізді.

Облыстық соттың төрағасы облыс судьялар корпусының жұмысы Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы заң үстемдігін қамтамасыз ету бөлігіндегі сот жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша тапсырмаларды іске асыруға бағытталған деп атап өтті.

Атырау облысының экономикалық сотында партисипативтік келісім жасақталды

20/01/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  адвокаттардың қатысуымен «Р» ЖШС-нің  «С.М.С.» ЖШС-нен  қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық іс бойынша партисипативтік келісім жасалды.

Жауапкер автокөлік құралын жалға беру құнын төлеуден жалтарған, нәтижесінде талапкер сотқа жүгініп қарыз сомасы 3 939 589 теңге өндіруді сұраған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген зиянның орны толтырылды

20/01/2016

Қарағанды облысының Осакаров аудандық сотына М. азаматшасынан жол-көлік оқиғасы салдарынан денсаулыққа келтірілген моральдық және материалдық зиянды өндіру туралы талап арызымен К. азаматшасы жүгінген.

Сот отырысында талапкер К. «Алматы-Екатеринбург» тас жолындағы 1124  км.  жүргізуші  К.  басқарған  «Ваз  2107» автокөлігі  жауапкер  М. басқарған «Тойота Королла» автокөлігімен жолдың қарама-қарсы бөлігіне шығып кету себебінен соқтығыс болғанын түсіндірді. Осы жол-көлік апатының салдарынан ол түрлі дене жарақатын алған.

Сот ауыл тұрғындарының құқықтарын қорғады

20/01/2016

 Қостанай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Ұзынкөл  ауданының 15 ауыл тұрғындарының бірінші саты соты шешімінің күші жойылып, олардың талаптарын қанағаттандыруды сұраған апелляциялық шағымды қарады.

Ұзынкөл  ауданының тұрғындары 2014 жылғы шілдеден қазанға дейін О.Рыжик жеке кәсіпкеріне тапсырған сүт үшін төлем ақысын алмаған. Осы мерзімде олар тізім бойынша жүздеген литр сүт тапсырған. Жалпы алғанда кәсіпкер О.Рыжик оларға 950 мың теңгеден артық қарыз болған.

Сот мүгедек жанның бұзылған құқығын қалпына келтірді

20/01/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының, Бәйдібек аудандық соты азамат С.Т.-ның Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот мемлекеттік органдардың өкілдерімен сындарлы пікір алмасу өткізді

20/01/2016

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарау. Сотқа дейінгі тергеу органдарымен қылмыстық істерді тергеу сапасы» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Ақмола облыстық сотының судьясы Қ.Сабдин, сот төрағасы Б.Баймырзин, судьялар мен сот мамандары қатысты. Сонымен қатар, прокуратура, ішкі істер органдарының өкілдері мен адвокаттар шақырылды.

Екібастұз қаласының салық басқармасы қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталды

20/01/2016

Екібастұз қалалық соты мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамның жасалған алаяқтыққа оқталу фактісі бойынша қылмыстық істі қарады.

2015 жылғы қаңтарда Екібастұз қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының бөлімі бюджетке лицензиялық алымды төлемеген бірқатар кіші және орта бизнес субъектілерін анықтады. Бюджетке лицензиялық алымды төлеу бойынша салық міндетін орындамағандардың арасында «Ж» ЖК-сі болған.