Архив событий

28/01/2016

Сот құқық бұзушыларды орман қоры ағаштарын заңсыз кескені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарты

28/01/2016

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық сотында Е.Йылқыбаев, Ж.Йылқыбаев, Н.Йылқыбаев, М.Бабажанов және Н.Құрмашев азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 340-бабының 2-бөлігіне сәйкес қозғалған қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс материалдары бойынша сотталушылардың 2015 жылғы 21 қарашада  Шардара орман қоры жерінен өздерінің жеке мұқтаждары үшін 11 текше метр сексеуіл ағаштарын заңсыз кесіп алғандықтары анықталды.  Олар мемлекетке 109 010 теңге көлемінде залал келтірген.

Жамбыл облыстық сотында 2015 жылғы соттардың атқарған жұмысы қорытындыланды

28/01/2016

Жамбыл облыстық сотында 2015 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша өткен кеңейтілген мәжіліске Жоғарғы Соттың судьясы Моряк Шегенов, Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары қатысты.

Қостанай тұрғыны алаяқтық бойынша айыпты деп танылды

28/01/2016

Қостанай қаласының №2 соты азаматша Ғ.Тұяқоваға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

2011 жылғы 11 желтоқсанда  қалалық әкімдік ғимаратының маңында сотталушы Ғ.Тұяқова өзін «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық бөлімі» ММ-нің қызметкері ретінде таныстырып, әлеуметтік тұрғын үй алу үшін тез арада кезекке тұру мәселесінде көмектесу қызметін ұсынған.

Ол жәбірленушілерге  әлеуметтік тұрғын үй кезегінде тұрғандығын растайтын қалалық әкімдіктің алдын ала дайындалған жалған бланкін берген.

Сот кәмелетке толмаған екі жасөспірімді ұрлық жасағандары үшін кінәлә деп таныды

28/01/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  азамат Т. мен Қ.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотталушылар Т. мен Қ. өзінің көршісінің үйіне заңсыз кіру арқылы мүлкін ұрлап, жәбірленушіге 5 579 971 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.