Архив событий

13/01/2016

Ақтөбе қалалық сотында жұмысшының құқығы қорғалды

13/01/2016

Ақтөбе қалалық сотында талапкер Ж.Жамансаринның жауапкер «Ассана-Строй Сервис» ЖШС-нен 111 619 теңге көлемінде еңбекақы, 200 000 теңге көлемінде моральдық залал өтемақысын, 5000 теңге көлемінде өкілдік шығындар мен 991 теңге көлемінде мемлекеттік бажды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауының барысында анықталғандай, Ж.Жамансарин 2012 жылдың 24 қазаны мен 2013 жылдың 26 наурыз аралығында «Ассана-Строй Сервис» ЖШС-де машинист ретінде қызмет атқарған.

«Дипломмен - ауылға» бағдарламасына қатысушыдан сот арқылы көтерме жәрдемақы өндірілді

13/01/2016

Исатай аудандық сотында талап қоюшы Исатай ауданы әкімі аппаратының жауапкер Г.Есенғалиеваға төленген 98 910 теңге көлеміндегі көтерме жәрдемақыны мемлекет пайдасына өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Солтүстік Қазақстан облысында партисипативтік рәсім тәртібімен іс қаралды

13/01/2016

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қарызды өндіріп алу туралы «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС-нің «Астраханское» ЖШС-ге талабы бойынша азаматтық істі партисипативтік рәсім (екі тараптың адвокаттарының жәрдемдесуімен тараптарды татуластырып, дауды реттеу) тәртібінде қарады.

Талап қоюшы талап арызында жауапкерден негізгі қарыз бойынша 3 000 000 теңге берешекті, 2 730 000 теңге айыпақыны және мемлекеттік бажды төлеу бойынша шығынды өндіріп алуды сұрады.

Азамат айғақ заттарды сатып жібергені үшін сотталды

13/01/2016

ШҚО-ның Глубокое аудандық сотында азамат С.Нүкеновке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта  Көкпекті ауданының №2 сотының 2015 жылғы 30 маусымдағы қаулысы негізінде сақтау қолхатымен азамат С.Нүкеновтің иелігінде болған автокөлік мемлекет пайдасына тәркіленгендігі анықталды. Алайда, азамат С.Нүкенов пайдакүнемдік мақсатында сот актісін орындаудан қасақана жалтарып, тәркілеуге жататын автокөлікті сатып жіберген.