Архив событий

05/01/2016

Семей қалалық сотында еңбекақы өндірілді

05/01/2016

Семей қалалық сотында «Евразия-Стройсервис» ЖШС-іне еңбекақыны өндіру туралы В.Паловатың талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Азаматтық іс-материалдарына сүйенсек, талапкер В.Павловтың ЖШС-не телім басшысы ретінде жұмысқа қабылданғандығы анықталды. Алайда оған еңбекақысы толық көлемде  төленбеген.

Содан кейін, В.Павлов мемлекеттік еңбек инспекторына жүгінген, бірақ инспектордың жазбаша нұсқауы бола тұра онымен есептеспеген.

Жамбыл облыстық сотында кадрлық өзгерістер орын алды

05/01/2016

Бүгін Жамбыл облыстық сотында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы Жарлығымен тағайындалған Жамбыл облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ж.Рүстембековті және қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Н.Абидовті облыстың судьялар қауымдастығына таныстырды.

Ж.Рүстембеков бұған дейін Жамбыл облысының арбитраждық сотында, Жамбыл облыстық сотында, Алматы қалалық сотында судья қызметін атқарған.