Архив событий

29/01/2016

Астана қаласының соттары 2015 жылдың қорытындыларын шығарды

29/01/2016

Астана қаласының сотында 2015 жылы атқарылған жұмыстың қорытындыларына арналған кеңейтілген кеңес болып өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының төрағасы А.Қыдырбаева, Астана қаласы сотының төрағасы Т.Бәрпібаев, елордалық сот алқаларының төрағалары, судьялары, кеңсе басшысы, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

Судьялар Ақмола облысының медиа-орталығында брифинг өткізді

29/01/2016

Ақмола облыстық сотының судьясы Сәуле Қияшева, ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Ерғали Ізтаев және қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы Бауыржан Баймырзин Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Ақмола облысының медиа-орталығында өткізілген брифингке қатысты.

Облыс судьялары БАҚ өкілдеріне «100 нақты қадам - Ұлт Жоспарын» орындау аясында сот жүйесін жетілдіру бойынша тапсырмалардың іске асырылуы жөнінде айтып берді.

Атырау облысында сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындылары шығарылды

29/01/2016

Атырау облыстық сотында облыс соттарының 2015 жылғы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы бойынша кеңейтілген мәжіліс болып өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы А.Смолин, Атырау облыстық сотының төрағасы М.Бектұрғанов, облыстық соттың алқа төрағалары, кеңсе басшысы, облыс соттарының судьялары мен мамандары қатысты.

Ақмола облысында жұмысты үздік ұйымдастырған соттар марапатталды

29/01/2016

Ақмола облысы соттарының қорытынды жиналысында 2015 жылдың аудандық және оларға теңестірілген соттың жұмысын үздік ұйымдастыру бойынша республикалық байқау-конкурстың жеңімпаздары марапатталды.

Конкурс қорытындысы бойынша аудандық және оларға теңестірілген соттар арасында бірінші орынды Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, екінші орынды – Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, ал Бурабай аудандық соты үшінші орынға ие болды.