Архив событий

15/01/2016

Сот қызметкердін құқығын қорғады

15/01/2016

Ақмола облысы Есіл аудандық соты азамат А-ның Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыстан босату туралы бұйрығын заңсыз деп тану, жұмыс орнына қайта алғызу, амалсыз бос жүрген (жұмыстан шеттетілген) уақытына еңбекақысын өндіру және келтірілген моральдық зиянды өтеу туралы талап арыз бойынша азаматтық істі қарады.

Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының инспекторы алаяқтық жасағаны үшін сотталды

15/01/2016

Алматы облысының Қапшағай қалалық соты Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы – мемлекеттік инспектор А.Шабанбаевты алаяқтық жасағаны үшін соттады.

Сотта анықталғандай, А.Шабанбаев ресімдеу қызметтері тегін жүзеге асырылатына қарамастан, шағын көлемді кеменi  жыл сайынғы техникалық тексеруден кедергісіз өткізіп беруді  сылтауратып,  азаматша М-нен 75 000 теңге көлемінде ақша алған, сондай-ақ құжаты жоқ қайықты ресімдеуге жәрдем көрсету  үшін азаматша О-дан 40 000 теңге ақша қаражатын алған.

Сот Шет ауданының қамқоршыларына төленген балалар жәрдемақыларын заңды деп таныды

15/01/2016

Қарағанды облысының Шет аудандық сотына «Шет ауданының білім беру бөлімі» ММ-і 8 жауапкерден заңсыз төленген жетім балаларды асырап-бағуға арналған жәрдемақыларды өндіру туралы талабымен жүгінген.