Ақтөбе қалалық соты футбол клубынан кәсіби футболшының еңбекақысын өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Т. өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында Ақтөбе қалалық сотқа жүгінді. Сот талапкер Т-нің жауапкер «Ақтөбе облыстық футбол клубы» АҚ-дан 2015 жылдың қараша, желтоқсан айларына 11 106 000 теңге көлемінде еңбекақы, 5 553 000 теңге көлемінде жылдық ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы, 483 224 теңге көлемінде еңбекақының төленбегені үшін өсімпұл, жылдық ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақының уақтылы төленбегені үшін өсімпұл, еңбек шартының тоқтауына байланысты төлемдердің уақтылы төленбеуінен 207 096 теңге өсімпұл өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Сот талқылауы барысында «Ақтөбе облыстық футбол клубы» АҚ мен Т.-ның арасында  2014 жылы 3 қаңтарда қызметкер сыйақы үшін «Кәсіби футболшы» лауазымында қызмет атқарады және еңбек тәртібін сақтайды, ал жұмыс беруші еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді, қызметкерге уақтылы әрі толық көлемде еңбекақы және еңбек заңнамасы, еңбек шарты мен тараптардың келісімінде қарастырылған өзге де төлемақыларды төлеу бойынша еңбек шарты жасалғаны анықталды.

Еңбек шартының мерзімі 2014 жылдың 3 қаңтарынан 2015 жылдың 3 қаңтарына дейін деп белгіленген.

Талапкер бекітілген еңбек шарты шеңберінде өз тарапынан біліктілігі бойынша еңбек функциялары мен міндеттемелерін адал орындады, алайда, жауапкер тарапынан еңбек шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны байқалған, сонымен қатар талапкердің еңбекақысын төлеуде қолданыстағы еңбек заңнамасын дөрекі бұзғаны анықталды.

2016 жылдың 4 қаңтарында талапкер мен жауапкер арасында еңбек қатынастары келісім бойынша және талапкердің жаңа жұмысқа орналасуына байланысты тоқтатылды.

Еңбек Кодексінің 113-бабының 4-тармағы, еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден жұмыскерге сомаларды төлеу ол тоқтатылғаннан кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуі қажет, яғни төлем 2016 жылы 11 қаңтарда төленуі тиіс еді. Алайда, жауапкер тарапынан есеп айырысу жүргізілмеген.

2016 жылдың 11 қаңтары мен 18 сәуірі аралығында талапкерге тиесілі өтемақыны кідіртуінен өсімпұл 207 096 теңгені құраған.

ҚР АПК-нің 223, 226, 281-баптарын басшылыққа ала отырып, сот талапкер Т.-ның талап арызын ішінара қанағаттандырды.

«Ақтөбе облыстық футбол клубы» АҚ-дан Т.-ның пайдасына 2015 жылдың қараша, желтоқсан айларына 11 106 000 теңге көлемінде еңбекақы сомасын, еңбекақы төлемін кідіртуінен 305 415 теңге көлемінде өсімпұл, 5 553 000 теңге көлемінде жылдық ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақыны өндірді.

«Ақтөбе облыстық футбол клубы» АҚ-дан мемлекет пайдасына 169 644 теңге көлемінде мемлекеттік баж салығы өндірілді.

Талап арыздың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтобе облыстық баспасөз қызметі