Ақтөбе қалалық сотында несие желісінің келісімшарты бойынша бітімгершілік келісім жасалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотында талапкер «ЕБ» АҚ-ның жауапкерлер «C.T.K-» ЖШС, «АКХ» ЖШС, «ДТ» ЖШС, С.Т.-ден  қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот талқылауы барысында «ЕБ» АҚ несие желісін ұсыну туралы келісімнің шарттарына сәйкес жауапкерге несие желісін ұсынғаны анықталды. Келісім шарттың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тиесілі жер учаскесі бар диірмен, макарон фабрикасы, элеватор, АБК, асхана, дүкен, көлікжай, пәтер, наубайхана, макарон фабрикасының, наубайхананың жабдығы, бидай, ұн және макарон түріндегі айналымдағы тауар, С.Т.-тің толық ортақ жауапкершілік кепілдігі мүліктері кепілдікке қойылды.

Талапкер несие желісі туралы келісім бойынша өз міндеттемелерін толық орындады. Алайда, жауапкерлер «ЕБ» АҚ алдындағы несие келісімі бойынша кезекті төлемдерін өз міндеттемелерін жүйелі түрде орындамады.

2014 жылдың 24 сәуірдегі жағдайы бойынша қарыз сомасы 434 673 95, 55 теңге, 12 536 419, 81 АҚШ долларын құрады.

«ЕБ» АҚ өзінің заңмен тиесілі құқығын пайдалана отырып, 1 600 000 000 теңге көлеміндегі қарыз ақшаны және 48 000 000 теңге көлеміндегі мемлекеттік баж сомасын өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Сот талқылауы барысында тараптардан бітімгершілік келісімді бекіту туралы арыз түсті. Арызға сәйкес, «C.T.K-» ЖШС, «АКХ» ЖШС, «ДТ» ЖШС, С.Т. 2016 жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей ортақ түрде 1 600 000 000 теңге көлемінде келісім бойынша есептелген қарыз ақшаның бөлігін төлеуді міндеттенді.

Сот тараптардың өтінішін қанағаттандырды, талап арызды беру кезіндегі төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Аталған іс  өндірістен қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтобе облыстық баспасөз қызметі