Ақмола облысының Есіл аудандық соты 23 істі татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Есіл аудандық соты өткен жарты жылдың ішінде 426 азаматтық іс, соның ішінде 14 іс дауды медиация тәртібімен, 4 іс татуласу келісімін жасаумен қарады.

Қаралған 42 қылмыстық істің ішінен 3 іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды, 2 іс медиация тәртібімен қаралды. 

Тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы. Бірінші сатыдағы сотта медиацияны өткізу үшін іс басқа судьяға беріледі. Тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін. Медиацияны апелляциялық сатыдағы сотта өткізу үшін іс, әдетте соттың алқалы құрамындағы судьялардың біріне беріледі. Медиация сотта «Медиация туралы» Заңына және Азаматтық процестік кодексте белгіленген ерекшеліктерге сәйкес өткізіледі.

Сотта медиацияны өткізу хаттамасы жүргізілмейді.  

Егер дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім сот актісін орындау сатысында жасалса, ол сот актісінің орындалатын орны бойынша бірінші сатыдағы сотқа немесе көрсетілген сот актісін қабылдаған сотпен бекіту ұсынылады.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі