Көкшетауда медиация институтының рөлі талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан халқы ассамблеясының Ақмола облыстық хатшылығы «Қоғамдық келісім және жалпыұлттық  бірлік салаларындағы медиация институның рөлі» тақырыбында ұйымдастырған семинарда Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров медиация дауларды реттеудің өзекті құралы болып табылатындығын атап өтті.

«Татуластыру рәсімдерін қолдану және медиацияны насихаттау бойынша бірлескен белсенді іс-қимылдар облысымызда медиация институтын кеңінен дамытуға, сондай-ақ жанжалдардың азаюына септігін тигізеді» - деді Д.Әміров. Ол облысымыздың аудандары мен кенттерінде «қазақ құқығы» дәстүрі негізінде дауларды шешуге икемі бар ақсақалдар және құрметті азаматтардың арасынан Билер кеңесін құруды ұсынды. Семинарға қатысушылар аталған ұсынысты мақұлдап, қоғам арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуге тілектестік білдірді.

Семинар жұмысына Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының және «Нұр Отан» партиясының, мемлекеттік органдардың, кәсіподақ ұйымдарының, азаматтық қоғам институттарының, білім беру мекемелерінің өкілдері, Қоғамдық келісім, Аналар кеңестерінің, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топ мүшелері және медиаторлар қатысты.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі