Ақмола облыстық сотының жалпы отырысында жас судьялармен тәлімгерлік жұмысының мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов облыстық соттың жалпы отырысын өткізді. Жалпы отырыста еңбек тәртібін күшейту, сот ғимаратында өткізу режимін сақтау және соттар ғимараттарына кіру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Сот төрағасы облыстық сот пен аудандық және оларға теңестірілген соттардың ғимараттарында қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсыра отырып, қауіпсіздік пен еңбек тәртібінің жұмыс сапасына тікелей әсер ететіндігін атап өтті.

Облыстық соттың судьялары соттылық мәселелері бойынша қабылданған сот актілерінің заңдылығын, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің нормаларын тергеу судьяларының қолдану тәжірибесі, 2014-2015 жылдар мен 2016 жылдың 1 тоқсанында экстремизм мен терроризм туралы қылмыстық істерді қарау бойынша сот тәжірибесінің тәжірибесі талқыланды. Жалпы отырыс судьялардың баяндамаларын назарға алып, жұмыста қолдану үшін облыстың аудандық соттарына талқылаудың қорытындысын жолдауға шешім шығарды.

Жалпы отырыс жас судьялармен тәлімгерлік жұмысының қорытындысын шығарды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі