Жоғарғы Соттың жалпы отырысы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың Төрағасы Асламбек Мерғалиев жоғары сот органының кезекті жалпы отырысын өткізді.

Күн тәртібіне сәйкес облыстық және оған теңестірілген соттардың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарының үлгілік регламенті бекітілді, сондай-ақ Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңестің дербес құрамына өзгерістер енгізілді.

Жаңа үлгілік регламенттің жобасы Конституциялық заңға өзгерістер енгізуге байланысты әзірленді. Облыстық соттар мен Жоғарғы Соттың судьялары онымен алдын ала таныстырылды. Ұсыныстар ескеріле отырып, жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстардың құзыреті, шешім қабылдау тәртібі бойынша бірқатар түзетулер жасалды. Жалпы отырыстың қызметі туралы хабардар ету мәселелері толығырақ көрсетілді.

Халықаралық кеңестің құрамынан шыққан Жұмагелді Елубаевтың орнына Еуразиялық экономикалық одақ сотының судьясы, заң ғылымдарының докторы Асқар Кішкенбаев Халықаралық кеңестің құрамына енгізілді.

 

Анықтама.

Асқар Болатұлы Кішкенбаев 1975 жылы туған. Қазақ мемлекеттік заң институтын, Павлодар университетін бітірген.

1996-2000 жылдары Мемлекеттік тергеу комитеті мен ІІМ органдарында қызмет атқарған.

2000-2004 жылдары – ЖШС заңгері.

2004-2012 жылдары – Астана аудандық сотының судьясы.

2012-2022 жылдары – Еуразиялық экономикалық комиссия Хатшылығының басшысы, экономика және қаржы жөніндегі алқаның мүшесі.

2022-2023 жылдары – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Департаментінің басшысы.

2023 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақ сотының судьясы.

Источник: 
Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі