Жамбыл облысында бітімгершілік рәсімдерді дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облысы әкімдігінің ғимаратында бітімгершілік рәсімдерді дамыту саласындағы ынтамақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қол қою рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев қатысты.

Меморандумға Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев, «Нұр Отан»партиясының Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Масат Берік, Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы Жамбыл облыстық филиалының меңгерушісі Маржан Қожаева, Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Анджела Райсова, БАҚ қызметкерлері қауымдастығы жанындағы «Бітімгер» «Құқық және медиация орталығының» директоры Лариса Сафонова мен «Атамекен» Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбаева қол қойды.

Қол қол рәсімінде Р.Алшынбаев ынтымақтастық шеңберінде бітімгершілік рәсімдері институтын нығайту үшін қолданылған шаралар туралы ақпарат берудің, тараптардың қай-қайсысы болмасын  тарап өкілдерінің қатысуы арқылы  ұйымдастырылған,  яғни біріккен кеңестерде, талдамалы зерттеулерде, ғылыми-практикалық конференцияларда, семинарларда және басқа да іс-шараларда дау (жанжалды) шешудің балама тәсілдерін қолданудың оң тәжірибелерімен  алмасудың,  дау (жанжалды) шешудің балама тәсілдерін қолдану саласында өзара қолдау көрсетудің, бітімгершілік рәсімдерін насихаттау бағытында іс-шаралар өткізіп, осы институттың артықшылығы туралы белсенді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізудің, тараптармен келісе отырып, ынтымақтастықтың басқа да түрлерін қолданудың жоспарланып отырғандығын айтты.

«Бүгінгі таңда Жамбыл облысында 95 кәсіби медиатор жұмыс атқаруда, кәсіби медиатордың ең үлкені 86 жаста, ал ең жасы медиатор 28-де. Тұрғындар арасында бітімгершілік рәсімдерін насихаттау үшін медиаторлардың барлығы бірлесіп, жұмыс атқаруда» , - деді Л.Сафонова.

Іс-шараның соңында қатысушылар аталған бағытта ынтымақтастыққа және тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге әзірліктерін жеткізді.

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі