Жамбыл облыстық сотында жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаевтың қатысуымен жалпы отырыста жаңадан тағайындалған судьяларды таныстыру және Тараз қалалық № 2 сотының судьясы Мақұлбек Мырзақұловты құрметті демалысқа шығарып салу рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қызметіне Абай Есенбай Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып Жамбыл облыстық сотының судьясы қызметіне тағайындалды. Рашид Досымкулов Шу аудандық сотының қызметінен босатыла отырып, Жамбыл облыстық сотының судья қызметіне тағайындалды.

А.Есенбайдың жалпы жұмыс өтілі 35 жыл 6 айды құрайды, соның ішінде судьялық өтілі 21 жыл 1 айды құрайды.

Р. Досымқұловтың жалпы жұмыс өтілі 29 жыл 4 айды құрайды, соның ішінде судьялық өтілі 12 жылға тең.

Жамбыл облыстық сотының төрағасы судья М.Мырзақұловтың жалпы жұмыс өтілі 34 жыл 1 айды, ал  судьялық  жұмыс өтілі 23 жыл 7 айды құрайтынын атай келе, облыстың сот саласына қосқан зор үлесін және сота жүйесіне мүлтіксіз қызмет атқарғанына алғысын білдіріп, зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі.

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі