Сот төрелігі академиясында заңды тұлғаларды оңалту және банкроттық рәсімі саласындағы мәселелерді шешу бойынша семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясында заңды тұлғаларды оңалту және банкроттық рәсімі саласындағы мәселелерді шешу бойынша семинар жұмысын бастады. Аталған семинар Сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасының шеңберінде өткізілуде.

Семинардың жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Асқар Смайлов, облыстық және оларға теңестірілген соттардың судьялары, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың судьялары, Ресей Федерацияның Жоғарғы Сотының судьясы Ирина Букина, Бүкіләлемдік банкінің қаржы секторының маманы, профессор Фернандо Данкауза, профессор Дэвид Бурдетт (Ұлыбритания), банкроттық мәселелер бойынша маманы, корпоративтік құқықтың профессоры Игнасио Тирадо (Испания), Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің, «Жетісу» банкроттық процедуралардағы кәсіби меңгерушілер одағы» қоғамдығының және де екінші дәрежелі банктардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел түрінде жүргізілген семинардың бірінші бөлігінде банкроттық заңнаманы орындаудағы туындайтын қиыншылықтар талқыланды.

Екінші бөлігінде Ресей Федерацияның Жоғарғы Сотының судьясы Ирина Букина семинарға қатысушыларды ресейдің жеке банкроттық жүйесімен таныстырды.

Семинар барысында банкроттық жүйесін жетілдірудің маңызы, соттардың, кәсіби мамандардың, банкроттық рәсімдері тараптарының қызметі, оңалту рәсімдерінің негізгі элементтері, жою рәсімдерінің осы замандағы даму үрдісі талқыланды.

Семинардың жұмысы 2016 жылғы 25 қарашасына дейін жалғасады.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі