Сот мүгедектің талап арызын қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысының Текелі қалалық сотына ІІ топтағы мүгедек К. «Текелі қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қатысты арызбен жүгініп, онда  аталған мекеменің тұрғын үй жалдау шартын  жасасудан бас тарту туралы талап арызын заңсыз деп тануын сұраған.  

Өзінің талабында арызданушы Текелі қалалық сотының 2004 жылғы шешімінің негізінд, 15 жыл бойы тұрып келе жатқан пәтері 2001 жылғы жалға беру шартымен коммуналдық жеке меншікке өткізілгенін, 2016 жылдың ақпан айында ол аталған пәтерге жалға алу келісім-шартын жасау туралы өтінішпен Әкімдікке жүгінген, алайда «Текелі қаласының Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі оған жалға алу келісім-шартын жасаудан бас тартқанын көрсеткен. Мекеме арызданушыға коммуналдық тұрғын-үй қорынан үй алуға ешкім ерекше құқығы жоқ деп түсіндірген. Бірақ ол  тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде тұрған.

Сот «Текелі қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тұрғын үй жалдау шартынан бас тартуын заңсыз деп танып, мемлекеттік мекемесін арызданушының құқығы, бостандығы мен мүдделерін қорғауда жіберілген кемшіліктерді толығымен сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай мерзімде жоюды міндеттеді. 

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы облысы, Текелі қалалық соты, сот