Шығыс Қазақстан облысының аудандық соттарында кадрлық өзгерістер орын алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров  Жарма ауданының №2 аудандық сотының және Абай аудандық сотының жаңадан тағайындалған төрағаларын таныстырды.

Кездесуге Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, Семей қалалық соттарының төрағалары, Семей қалалық прокуратурасының өкілдері, сот жүйесінің ардагерлері, Абай ауданының әкімі Тұрсынғазы Мұсапірбеков, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ өңірдің басқа да мекемелерінің өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Абай аудандық сотының төрағасы қызметіне – Семей қалалық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып, Ербол Әділбеков тағайындалды. Жарма ауданының №2 аудандық сотының төрағасы қызметіне – Семей қалалық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып, Тілеухан Әділжанов тағайындалды.

Д.Әміров іс-шараға қатысушыларды соттардың жаңадан тағайындалған төрағаларының бірнеше жылдық еңбек өтілдерін атай отырып, олардың өмірбаяндарымен таныстырды. Ол сондай-ақ сот төрелігін жүзеге асырудағы жұмыстардың маңызды бағыттарын атай отырып, жүргізіліп жатқан құқықтық реформаларға тоқталып, алдағы уақытта атқарылуға тиіс міндеттерді айқындады. 

Д.Әміров Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында судья Аманбай Алдияровтың отставкаға шығуына орай салтанатты жиынға қатысты.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров өз сөзінде оның Семей өңірінде сот төрелігін жүзеге асыру жұмысындағы және сот жүйесінің дамуына сіңірген еңбегін атап өтті. Судья лауазымындағы 35 жылдық еңбегі барысында Аманбай Алдияров 5 аудандық, қалалық соттарды басқарып, талай жас мамандарды тәрбиелеп, мемлекет алдындағы борышын абыроймен атқарған. Облыстық сот төрағасы судья Аманбай Алдияровқа Құрмет грамотасын табыстай отырып,  оғанзор денсаулық, отбасына бақыт тіледі.

Кездесу барысында Семей қаласының әкімі Е.Сәлімов өз кезегінде судья А.Алдияровты құттықтап,  сот жүйесіне сіңірген еңбегі үшін Алғыс хат табыстады.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі