Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы блогерлермен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров облыс, республика көлеміне танымал Ринат Халиков, Полина Шиманская және басқа блоггерлермен бейресми, достық кездесу өткізді.

Д.Әміров өз сөзінде Шығыс Қазақстан облысының соттары Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам «Бес институционалдық реформаны» іске асыруға белсенді қатысуда және де  заң үстемдігін қамтамасыз етуде қойылған міндеттерді орындауға дайын екендігін айтты. Сот өндірісі рәсімін жеңілдету жағынан заңнаманы жетілдіру үшін  сототырысының мәжіліс залдары дыбыс-бейне тіркеу жүйелерімен  жабдықталған. сот практикасына жаңа ақпараттық технологияларды енгізу өз  тиімділігін көрсетті. Бұл үшін сот процесіне қатысушыларға жедел хабарлау үшін SMS-хабарламалар жолдау құрылған, осыған орай  электронды пошта, факсимильді байланыс кеңінен қолданылуда. Жоғарғы Соттың интернет–ресурсындағы «Сот кабинеті»  электрондық ақпараттық сервисін еліміздің азаматтарының кеңінен пайдалануы сот жүйесінің ашықтығын тағы бір мәрте көрсетуде.

Жаңа АПК-нің қолдану аясы кеңейтіліп, бітімгершілік рәсімдері,  медиация институты жетілдірілді, енгізілген жаңашылдықтардың бірі  сот ісін жеңілдететін партисипативтік рәсімдерінің енгізілуі болды. Келісу  рәсімдерінің белсенді қолдану қажеттілігіне және осы институттың артықшылықтары туралы халыққа түсіндірілуіне баса назар аударылды.

Өз кезегінде танымал блогер Р.Халиков блогерлердің жұмысы, оның  мәні мен мақсаттары жөнінде әңгімеледі, жеке күнделігін - бастапқыдағы блогы деп атаған, адамдар интернеттегі достар үшін ашқан, бірақ қазір блог ұғымы айтарлықтай кеңейе түсті – бұл сайт, оның негізгі мазмұны - жазбалар, суреттер немесе мультимедиаларды үнемі қосып отыру. Бүгінгі таңда адамның өмірінде әлеуметтік желі маңызды рөл атқарады. Ол газеттер мен журналдардан өзінің жеделдігі мен өзектілігі арқылы ерекшеленеді. Сонымен қатар, Р.Халиков өз әріптестері-блогерлермен арнайы  таныстырды, олар "Instagram", "Facebook", "Twitter" әлеуметтік желілер аккаунтарында жазылған республикадағы ең үздік блогерлер болып табылады.  

Блогерлер облыстық сот төрағасының жеке өміріне сот реформасын іске асыру, оның қызмет атқару кезіндегі облыс соттарының жетістіктеріне қатысты өздерін қызығушылық танытты.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі