Шығыс Қазақстан облыстық соты БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша судьяларға арналған семинар-тренинг өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотында тілші-блоггер П.Шиманская мен психолог Р.Лариошина өңірдің судьялары мен мамандарына арнап БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-тренинг өткізді.

Семинарға қатысушылар БАҚ пен Қазақстанның заң жүйесі  қарым-қатынасының  сапасы, сот актілерін БАҚ-та Халықаралық тәжірибеде баяндау, «күшті» және «әлсіз» жақтары және оларды «кадрда» пайдалану шеберлігі, баспасөз-мәжілістерін сәтті өткізудің технологиясы, әлеуметтік желілердегі жұмыстары жөнінде жан-жақты талқылады.

Өз кезегінде психолог Р.Лариошина көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындық пен сұхбат берудің құрылымы туралы айтып өтті.

Тренинг соңында қатысушыларға сертификат табыс етілді.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі