Петропавл қаласының соты жалақыны өндіріп алу туралы арызды қарап, татуласу келісімін бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының № 2 соты жалақыны өндіріп алу туралы Ю.Деревянконың «Munai invest Ko» ЖШС-ге талап қою арызы бойынша татуласу келісімі туралы ұйғарым шығарды.

Ю.Деревянко «Munai invest Ко» ЖШС кәсіпорынында 2008 жылғы мамырдан 2015 жылғы қыркүйекке дейін электр дәнекерлеуші лауазымында жұмыс істеген, аталған уақыт ішінде жауапкер оған 433 369 теңге қарыз болған. Ю.Деревянко жалақысын толық көлемде өндіріп алу үшін сотқа арызымен жүгінген.

Істі қарау кезінде екі тарап татуласу келісімін бекіту туралы арызбен жүгінген, оның шарты бойынша жауапкер «Munai invest Ko» ЖШС 2016 жылғы 30 мамырға дейін талап қоюшыға 433 369 теңге көлеміндегі жалақы бойынша қарызын өтеуге міндеттенеді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі