Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қаласының соты жалақыны өндіріп алу туралы арызды қарап, татуласу келісімін бекітті

26/05/2016

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының № 2 соты жалақыны өндіріп алу туралы Ю.Деревянконың «Munai invest Ko» ЖШС-ге талап қою арызы бойынша татуласу келісімі туралы ұйғарым шығарды.

Ю.Деревянко «Munai invest Ко» ЖШС кәсіпорынында 2008 жылғы мамырдан 2015 жылғы қыркүйекке дейін электр дәнекерлеуші лауазымында жұмыс істеген, аталған уақыт ішінде жауапкер оған 433 369 теңге қарыз болған. Ю.Деревянко жалақысын толық көлемде өндіріп алу үшін сотқа арызымен жүгінген.

Солтүстік Қазақстан облысында жүзден астам адамның улануына кінәлі болған аспаз сотталды

20/04/2016

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық сотында санитарлық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді бұзғаны және көрiнеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін айыпталған Т. Лайдыкерге қатысты қылмыстық іс қаралды.  

Сот Т.Лайдыкердің «Серебряный бор» Балалар сауықтыру лагері» МКҚК әкімшілігіне бактериологиялық зерттеу нәтижесі туралы жалған мәліметтер енгізілген көрiнеу жалған құжат – медициналық кітапшасын ұсынғанын, соның негізінде ол аспазшы және қоймашы ретінде жұмысқа қабылданғанын анықтаған.

Петропавл қалалық соты бұрынғы полиция қызметкерін пара алғаны үшін соттады

25/03/2016

Сот полициясының аға лейтенанты Самал Құдабаева Петропавл қаласының ІІБ анықтау бөлімінің қылмыстық істерді тергеу бойынша тобының анықтаушысы қызметін атқарып, лауазымды адам және билік өкілі бола тұра, С.Калыковадан алаяқтық фактісі туралы арыз бойынша сотқа дейінгі тергеуді тоқтату үшін 80 000 теңге сомасында ақша қаражатын алғаны анықтады.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «дөңгелек үстел» өтті

06/04/2015

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Абылай ханның резиденциясы» мұражай-кешенінде «Қазақ хандығының 550 жылдығы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Аталмыш іс-шараға облыстық соттың, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьялары, тарих ғылымдарының докторы А.Ыбыраева және академик М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранттары қатысты.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясы мүшесімен кездесу өтті

17/11/2014

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының мүшесі, заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Сот торелігі институтының азаматтық-құқықтық кафедрасының профессоры Жұмаш Хаженбайұлы Қосановтың судья, сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары лауазымдарына кандидаттарымен кездесуі өтті.