Маңғыстау облысы бойынша соттар әкімшісінің қызметкерлері жас заңгерлермен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Аманбек Қалпақов Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің заңгер мамандығы бойынша бітіруші студенттерімен кездесті.

Кездесу жас мамандарды соттың жұмысымен кеңірек таныстырып, олардың мемлекеттік қызметке тұруына құқықтық көмектесу мақсатында ұйымдастырылды.

Персоналды басқару бөлімінің басшысы Қанат Нұрғабылұлы «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңын және «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілеріне қойылатын талаптар туралы түсіндірді. Оның айтуынша, қазіргі таңда облыс соттарында мемлекеттік қызметшілердің «Б» корпусына 42 бос орынның бар екенін мәлімдеді.

«Сот саласындағы жұмыстың үлкен жауапкершілікті талап етеді және ол үшін ерінбей еңбек ету керек, сонда ғана табысқа жетуге болады», - деді А.Қалпақов.

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі