Маңғыстау облыстық соты аудандық соттың шығарған шешімін өзгеріссіз қалдырып, даулы бейнероликте көрсетілген мәліметтер шындыққа сай келмейді деп таныған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015 жылғы 11 қыркүйекте күндізгі уақытта Ақтау қаласы, 14-шағын аудан көлемінде қызмет атқару кезінде Маңғыстау облысы ІІД-нің Жол-патрульдік полиция қызметінің инспекторы М.Абдуалиев жүргізуші М.Кенджебаевтың басқаруындағы «Кіa Rіo» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Көлікті тоқтатуға жүргізушінің жақыннан көрсететін жарығы және күндізгі жүру шамын қоспауы себеп болған.

Полиция қызметкері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру кезінде жүргізуші М.Кенджебаев өзінің ұялы телефонына бейнежазбаға түсіріп бастаған, оған Жол патрульдік полициясының инспекторы бейнежазбаны БАҚ-та және интернетте жарияламау туралы ескерту жасаған.

ҚР ӘҚБтК-нің 602-бабының 1-бөлігімен жасақталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және әкімшілік жаза қолдану туралы қаулымен келіспеген М.Кенджебаев Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына қаулыға шағым келтірген. Сот оның шағымын қанағаттандырусыз қалдырған.

Содан соң, М.Кенджебаев «You Tube» порталында «Жол-патрульдік қызметінің соқыр, әрі топас мемлекеттік автоинспекторы» деген атаумен бейнероликті жариялаған.

Жол-патрульдік полициясының инспекторы М.Абдуалиев аталған бейнероликтегі жарияланымды негізсіз және өзінің ар-ожданы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін ақпарат деп санап, сотқа интернет ресурста жарияланған бейнеролик шындыққа сай келмейді деп тану туралы талап қою арызымен жүгінген.

Мұнайлы аудандық сотының шешімімен талап қоюшының талабы ішінара қанағаттандырылып, даулы бейнероликте көрсетілген мәліметтер шындыққа сай келмейтін мәліметтер деп танылған.

М.Кенджебаев пен «Общество содействия автомобилистам» қоғамдық бірлестігінен талап қоюшының пайдасына моральдық зиянның және баж салығын төлеу бойынша сот шығыстары өндірілген.

Алайда, жауапкер М.Кенджебаев аудандық соттың шығарған шешімімен келіспей апелляциялық шағым келтірген. Ал, Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қаулысымен Мұнайлы аудандық сотының шығарған шешімі өзгеріссіз, жауапкер М.Кенджебаевтың шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі