ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Ақмола облысында судьялыққа үміткерлермен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Құрықбаев Әділ Жамбасбайұлы Ақмола облысында судьялыққа және судьялық басшылық лауазымдарына үміткерлермен кездесті.

Кездесуге Ақмола облыстық сотының төрағасы Әбдіқанов Нұрғазы Әбенұлы, Қазақстан Республикасы Судьялар Одағы филиалының төрағасы Жанаділов Ерлан Болатұлы, Ақмола облыстық сотының судьясы, оқу бағдарламаларының үйлестірушісі Әлмағанбетова Гүлжан Жақсылыққызы және кадр резерві жөніндегі комиссия төрағасы Даминов Раджаб Адгамұлы қатысты.

Кездесуге біліктілік емтиханынан өтіп,жалпы отырыстың оң қорытындысын алып, судья лауазымына кадр резервінде тұрған 6 үміткер,ҚР Жоғарғы Сотының судьясы лауазымына 6 үміткер және сот төрағасы және сот алқаларының төрағалығы лауазымына 12  үміткершақырылды.

Әділ Жамбасбайұлы үміткерлердің әрқайсысымен жеке әңгіме жүргізіп, қатардағы судья лауазымына үміткерлердің  өмірбаяндарымен және және еңбек жолдарымен танысты.

Басшылық судьялық лауазымдарға үміткер судьялармен әңгімелесу барысында әрекет етуші судьялардыңсот төрелігін жүзеге асыру сапасы көрсеткіштеріне көңіл бөлді. 

Жоғарғы Сот судьясы үміткерлермен әңгімелесу барысында олардың судьялық қызметті неліктен таңдағаны және қазылық қызмет атқаруға моральдық және психологиялық даярлықтарына ерекше көңіл бөлді.  

Сондай-ақ, Әділ Жамбасбайұлы ҚР судьяларының VI съезінде сот қауымдастығының алдына қойған мәселелерді еске салып, үміткерлерге күн сайын, сағат сайын өздерінің дярлық деңгейлері мен біліктіліктерін арттырып отыру туралы ұсыныстар айтты. 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі