Қостанайда дәрігерлердің кесірінен қаза тапқан баланың анасы туберкулезге қарсы диспансерден 5 миллион теңгеден астам моральдық шығын сомасын сот арқылы өндіріп алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Дәрігерлердің кесірінен қаза тапқан 4 жастағы баланың анасы Зауреш Дюсембина Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы, Қостанай облысының туберкулезге қарсы диспансеріне қатысты қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген моральдық шығынды өндіріп алу туралы талап арызбен Қостанай қалалық сотына жүгінді.

2010 жылы оның 2006 жылы туған баласы алдын ала қаралу және емделу үшін  Қостанай облысының өкпе бөліміне түседі, балаға сол жерде ем тағайындалды. Емдеу кезінде ауру асқынып, баланың халі нашарлайды және бала қаза табады. 

Қайғыға батқан ананың сөзі бойынша, ол соңғы бес жылдың ішінде әділдікке қол жеткізуге тырысқан, ал дәрігерлердің әрекеті оның ашу ызасын келтіретін. Баласының қазасы оның жалпы психоэмоционалды жағдайына әсер еткен. З.Дюсембина соттан моральдық шығын есебіне жауапкерлерден 10 млн. теңге өндіріп алуды сұрады.

Медицина қызметкерлері тарапынан балаға салғырт қарағандықтары,  соның нәтижесі өлімге алып келгендігін сот анықтады. Дәрігерлердің кінәсі толығымен дәлелденді. Қостанай қаласының № 2 сотының үкімімен дәрігерлер ҚР ҚК 114-бабының 4-бөлігіне сәйкес «емделушінің өліміне алып келген дәрігердің кәсіби міндеттерін дұрыс атқармауы» бойынша айыпты деп танылды.

Істі қараудың нәтижесінде сот талапкердің талабын жартылай қанағаттандырды және облыстық туберкулезге қарсы диспансерден моральдық шығын ретінде 5 млн. теңге  және соттағы өкілінің шығындары ретінде 250 мың теңге өндірді. 

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі