Ақмола облыстық соты жұмыстан шығарылған қызметкерді бұрынғы жұмыс орнына қайта алдыртып, жұмыс берушіден моральдық зиянның өтемақысын ішінара өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты азаматша П-ның тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөліміне заңсыз шығарылған бұйрықтарды жою туралы, жұмысқа қайта алғызу, амалсыз бос жүрген уақытына жалақыны төлеу және моральдық зиянның өтемақысын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Азаматша П. тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінде бас бухгалтер қызметін атқарған. Азаматша П-ға тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының бұйрықтарымен 2015 жылдың желтоқсанында және 2016 жылдың ақпан айларында қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жазалар қолданылған. Осыған байланысты талапкер мен жұмыс берушінің арасында қызметкермен міндеттерін себепсіз орындамауынан шарт бұзылған.

Бурабай аудандық соты аталған азаматтық істі қарап, қолданылған тәртіптік жаза теріс қылықпен сәйкес емес, жұмыс беруші жасалған тәртіптік қылықтың сипаты мен ауырлық дәрежесін ескермей қолданып, еңбек қатынасының мерзімі мен талапкердің аталған мекемедегі жұмысын есепке алмаған. Осыған байланысты сот П-ның талап-арызы ішінара қанағаттандырылып, ол бұрынғы жұмыс орнына қайта алынып, жауапкерден  амалсыз бос жүрген уақытына орташа жалақы 847 975 теңге және 10 000 теңге моральдық зиянның өтемақысы өндірілді.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі