моральдық шығын

Жоғарғы Сот Қаржы министрлігінен талап қоюшының пайдасына моральдық зиян мен сот шығындарының өтемі ретінде 160 мың теңгеден астам қаражатты өндірді

29/03/2018

Игорь Мединский заңсыз сотталу салдарынан тартқан моральдық зиян мен сот шығындарының өтемақысы ретінде Қаржы министрлігінен 500 000 теңге өндіріп алу туралы талап арызбен сот жүгінген. 

Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты оның талап арызын қанағаттандырудан бас тартқан. Мұндай шешіммен апелляциялық саты да келіскен.

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы істі қарай келе, дау тудырған сот актілерінің күшін жойып, И.Мединскийдің өтінішхатын ішінара қанағаттандырды.

Ақтөбеде сот акционерлік қоғамнан миллион теңге көлемінде моральдық залал өндірді

05/08/2016

Ақтөбе қалалық сотында талапкер Ү.Хайруллинаның жауапкер «СНПС-АқтөбеМұнайГаз» АҚ-дан 4 000 000 теңге көлемінде моральдық залал және сот шығындарын  өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Қостанайда дәрігерлердің кесірінен қаза тапқан баланың анасы туберкулезге қарсы диспансерден 5 миллион теңгеден астам моральдық шығын сомасын сот арқылы өндіріп алды

27/07/2016

Дәрігерлердің кесірінен қаза тапқан 4 жастағы баланың анасы Зауреш Дюсембина Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы, Қостанай облысының туберкулезге қарсы диспансеріне қатысты қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген моральдық шығынды өндіріп алу туралы талап арызбен Қостанай қалалық сотына жүгінді.

2010 жылы оның 2006 жылы туған баласы алдын ала қаралу және емделу үшін  Қостанай облысының өкпе бөліміне түседі, балаға сол жерде ем тағайындалды. Емдеу кезінде ауру асқынып, баланың халі нашарлайды және бала қаза табады. 

Ақмола облыстық соты жұмыстан шығарылған қызметкерді бұрынғы жұмыс орнына қайта алдыртып, жұмыс берушіден моральдық зиянның өтемақысын ішінара өндірді

25/07/2016

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты азаматша П-ның тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөліміне заңсыз шығарылған бұйрықтарды жою туралы, жұмысқа қайта алғызу, амалсыз бос жүрген уақытына жалақыны төлеу және моральдық зиянның өтемақысын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.