Қазақстанның судьялары Ташкент қаласында өткен Орталық Азиядағы VI қылмыстық сот төрелігі жөніндегі сарапшылық форумға қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орталық Азия елдерінен жүзден астам саясаткерлер, ғалымдар, заңгерлер мен азаматтық қоғам өкілдері сот жүйесіндегі соңғы реформарлық бастамаларды, өңірлік қылмыстық сот төрелігі мәселелерін және оларды жеңу жолдарын талқылау мақсатында Ташкент қаласында ЕҚЫҰ демократиялық институттар және адам құқықтары (ДИАҚБ) және орталық азия өңірінде ЕҚЫҰ-ның басқа да өкілдіктерінің ұйымдастыруымен өткізілген Орталық Азиядағы VI қылмыстық сот төрелігі жөніндегі сарапшылық форумға қатысты.

Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот судьясы К.Нұрышев және Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының төрағасы А.Жүкенов таныстырды.

Форумға қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, соттарда ақпараттық технологияларды қолдану, электрондық сот ісін жүргізуді жетілдіру және АКТ-ны енгізу кезінде ақпараттық қауіпсіздік қамтамасыз етуді және басқа да өзекті тақырыптарды талқылады.

Форумға қатысушылар АКТ-ны одан әрі енгізу соттар қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етудін пәрмені, тиімділігі мен жеделдігін арттыруы, соттардағы құжат айналымын оңтайландыруы, сондай-ақ қоғам арасында құқықтық білімді күшейту және насихаттау екендігін   ерекше атап өтті.

Сот-құқықтық жүйесін кең ауқымды реформалау шаралары ең алдымен құқық саласындағы заңнаманың тұрақты жетілдіруді және азаматтардың мүдделерін мен құқықтарын қамтамасыз етуді көздейді.

Источник: 
Пресс-служба суда города Астаны