Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы ресейлік сот органдарының делегациясымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Анатолий Смолин Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот департаменті бас директорының орынбасары Виктор Агеевпен және судьялар мен аталған Сот департаменті қызметкерлерінен тұратын делегация мүшелерімен кездесті.

Кездесудің мақсаты – Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметімен танысу және судьяларды кәсіби іріктеу жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасу.

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қонақтарды қабылдау кезінде оларға «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде іске асырылып жатқан судьялық лауазымдарға кандидаттарға біліктілік талаптарын күшейту және судьяларды іріктеу тетіктерін жетілдіру бойынша реформалар жөнінде айтып, қонақтарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Өз кезегінде, В.Агеев кездесуде талқыланған мәселелердің маңыздылығын атап өтті.   

Кездесу соңында тараптар жоғары білікті судьялар корпусын қалыптастыру саласында тәжірибемен алмасу шеңберінде тығыз ынтымақтастықтың одан әрі жалғасын табатынына сенім білдірді. 

Источник: 
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі