Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі А.Құрықбаев Шығыс Қазақстан облыстық сотының жалпы отырысының жұмысына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі, Жоғарғы Сот судьясы  Әділ Құрықбаев  Шығыс Қазақстанда болды. Ол  облыстық соттың жалпы отырысының жұмысына қатысты.

Жалпы отырыста Жоғарғы Кеңестің республика судьяларының бос лауазымына үміткерлерге жарияланған хабарламасы бойынша конкурсқа қатысатын 21 үміткердің қойылатын талаптарға жарамдылығы қаралды.

А.Құрықбаев өз сөзінде: «Сіздер әр үміткерге, судьяның  өз ісінің кәсіби шебері ретінде тани отыра дауыс бердіңіздер», - деді.

Жалпы отырыстың қатысушыларының 19 үміткеріне оң қорытынды берілді.

Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы, отставкадағы судья  В.Кизаметдинов өзі басқаратын Кеңестің жұмысы және оның жетістіктері туралы мәлімдей келе, үміткерлерге қойылатын талаптарға жарамдылығын қараудың біріңғай практикасын енгізу жөнінде өз ұсынысын білдірді.

Облыстық сот төрағасы Досжан Әміров жиын соңында Жоғарғы Сот Кеңесінің қызметі және де Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесінің кәсіби сот қауымдастығының құрылуына қосқан үлестері жөнінде  атап өтті.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі