Департамент басшысы мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін Тілеулі Бекбосынға алғыс білдірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ілияс Испанов Департаменттің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі Мемлекеттік тілді дамыту және редакциялық-баспа жұмысы секторының меңгерушісі Тілеулі Ғасылұлы Бекбосынға зейнеткерлікке шығуына орай мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Алғыс хат ұсына отырып, І.Испанов Т.Бекбосынның республика сот органдарының мемлекеттік тілдегі іс қағаздары мен сот ісін жүргізуді дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

 «Бүгінгі туған күн иесіне тән жоғары біліктілік пен өз жұмысына деген адалдық жас мамандар үшін үлгі тұтарлық қасиеттер», - деді ол.

Іс-шара барысында әріптестері Т.Бекбосынның кәсібилігі мен тиянақтылығын, сондай-ақ жоғары жауапкершілігін ерекше айтып өтті.

 

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі