Аудандық сотта қылмыстық заңнамадағы жаңалықтар талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотында «Қазақстан Республикасының сот жүйесінде әкімшілік соттардың қалыптасуы және даму перспективалары» тақырыбында ғылыми-практикалық  конференция өтті. Конференцияға судьялар, құқық қорғау органдарының, Салық департаментінің өкілдері, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің ғалымдары қатысты.

«Қазіргі уақытта сот төрелігін жүзеге асыру жүйесінде әкімшілік істердің маңызы артуда.  Бүгінгі маңда  Қазақстан Республикасының соттары 386 519 істі қараса, соның ішінде 43 449 істі Шығыс Қазақстан облысының соттары қарады. Бұл істерді қарау бойынша республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады, -  деп  атап өтті облыстық сот төрағасы А.Д.Рахметулин.

Конференцияға қатысушылар Құқық саясат  тұжырымдамасында  Қазақстан Республикасының Президенті қойған міндеттер шеңберінде әкімшілік әділетті одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Конференцияда жаңа әкімшілік заңнаманы қолдану, сондай-ақ сот ісін жүргізу мәселелері, сот практикасына бірқатар жаңалықтарды енгізу тетіктері қызу талқыланды.

Бұл конференция қатысушыларға әкімшілік әділет міндеттерін және оны республикада енгізу жолдарын жаңа қырынан қарауына мүмкіндік берді.

Семинар соңында жаңа әкімшілік заңнаманың нормаларын қолдану бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі