сот жүйесі

Маңғыстау облыстық сотында сот жұмысы мен ақпараттық технологияларды таныстыру мақсатында пресс тур өткізілді

16/11/2016

Бүгін Маңғыстау облыстық сотында ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған 11 қадамының жүзеге асырылғаны туралы хабардар ету және сот жүйесіндегі жаңа электронды технологиялармен таныстыру мақсатында жұртшылыққа арналған пресс тур өткізілді.

Әскери сот төрағасы Республикалық «Жас Ұлан» мектебінің басшылығымен және жас кадеттерімен кездесу өткізді

10/11/2016

Әскери сотының төрағасы С.Ж.Абдуллаев Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы Республикалық «Жас Ұлан» мектебіне барып, басшылығымен және кадеттерімен кездесу өткізді.

Әскери Сот төрағасымен өткізілген дәріс-әңгімелесу мектеп қызметкерлерін немқұрайлы қалдырмай, кездесу барысында қазақстандық сот жүйесінің жалпы қызметінің мәселелері қарастырылды.

Ұлт Жоспары тұрғысындағы сот жүйесінің дамуына сарапшылық көзқарас

08/02/2016

Бүгін «Ұлт Жоспары тұрғысындағы сот жүйесінің дамуына сарапшылық көзқарас: талдау, келешегі мен ықтимал тәуекелдері» тақырыбында «дөңгелек үстел» болып өтті. Іс-шараны Жоғарғы Сот Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметімен бірлесіп ұйымдастырды.

Халықаралық конференция аясында «Сот кабинеті» сервисінің онлайн және мобильді нұсқасы таныстырылды

03/09/2015

Ағымдағы жылғы 2 қыркүйегінде Астана қ. Тәуелсіздік сарайында «Әлеуметтік қамсыздандырудың мақсаттарына жетудегі АКТ саласының стандарттары мен бірыңғай шешімдерін қабылдау жолдары» тақырыбындағы XIV Халықаралық конференция өз жұмысын бастады.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен және Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (бұдан әрі – ӘҚХҚ) бірлесіп ұйымдастырды.

100 нақты қадам: жаңа тарихи жағдайда Ұлт Жоспарын одан әрі дамыту негіздері

29/06/2015

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының Оқу орталығы облыстық сот төрағасы мен алқа төрағаларының және судьяларының, аудандық (қалалық) соттардың төрағаларының, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен «100 нақты қадам: жаңа тарихи жағдайда Ұлт Жоспарын одан әрі дамыту негіздері» тақырыбында ведомствоаралық семинар-кеңес өткізді.

Сот қызметін БАҚ-та үздік жариялау конкурсының қорытындысы шығарылды

13/04/2015

Бүгін Алматы қаласының Ұлттық баспасөз клубында сот қызметін үздік жариялаған журналистік жұмыстарға арналған республикалық конкурстың қорытындысы бойынша жүлдегерлерді марапаттау рәсімі болып өтті. Конкурсқа 2014 жылдың басынан 2015 жылдың 20-шы наурызы аралығында БАҚ-та жарияланған материалдар қабылданды.

Ақмола облысы соттарының қызметі туралы «Сот төрелігі» атты электронды кітап әзірленді

08/04/2015

Ақмола облысының соттарының қызметі туралы «Сот төрелігі» атты электронды кітап жарық көрді. «Заң газетінің» Ақмола облысындағы меншікті тілшісі Қалкөз Жүсіптің авторлығымен шығарылған бұл кітап баспасөз беттерінде жарияланған облыс соттарының қызметі жайлы, судьялардың қызметіне қатысты мақалалардың жиынтығынан тұрады.

 Кітапта автор судьялар туралы, олардың сот төрелігін жүзеге асырудағы күрделі жұмысы туралы әңгімелеп, судьялардың өмірлік көзқарастары, сондай-ақ олардың құқық және оны қолдану туралы ойларын ашып көрсеткен.

Ақтөбе қаласында ҚР АПК-нің жаңа жобасын талқылауға арналған республикалық «дөңгелек үстел» өтті

20/02/2015

Бүгін Ақтөбе қаласындағы «Нұр Отан» партиясы ғимаратының конференц-залында «Жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасы азаматтық процестік кодексі жобасы тұрғысындағы сот төрелігіне қолжетімділік» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес және «Қазақстандық заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық кеңесі ұйымдастырды.

Әскери сот «Ашық есік күнін» өткізді

05/02/2015

Ақмола облысының және Астана қаласының тұрғындарымен өткен кездесу аясында Әскери сот төрағасы С. Абдуллаев, Әскери соттың алқа төрағалары мен судьялары, сондай-ақ Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы Д.Молдабаев және Астана қаласында орналасқан әскери құрылымдардың өкілдері азаматтарға құқықтық білім беру, құқықтық мәдениет деңгейін және сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сот төрелігіне қол жетімділікті арттыру мақсатында «Ашық есік күнін» өткізді.  

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы әзірленді

23/01/2015

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде судьялар қызметінің әлеуметтік және материалдық жағдайын арттыру жөнінде берген тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді.

Конституциялық заңның жобасы судьяларды зейнетақымен қамтамасыз ету институтын қайта құруды көздейді.

Беттер