100 нақты қадам: жаңа тарихи жағдайда Ұлт Жоспарын одан әрі дамыту негіздері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының Оқу орталығы облыстық сот төрағасы мен алқа төрағаларының және судьяларының, аудандық (қалалық) соттардың төрағаларының, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен «100 нақты қадам: жаңа тарихи жағдайда Ұлт Жоспарын одан әрі дамыту негіздері» тақырыбында ведомствоаралық семинар-кеңес өткізді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріпов кіріспе сөзінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаев алда жүзеге асырылатын реформалардың негізгі тұстарымен таныстыру барысында жаңа тарихи жағдайдағы олардың қажеттілігі мен маңыздылығына тоқталғандығын және реформалардың тек мемлекеттік органдардың ғана емес, Қазақстанның әрбір азаматының ісі екендігін атап өткенін еске салды.                                   

Нұрсерік Шәріпов 5 институционалдық реформалардың негізгі тұстарына тоқталып, олардың мемлекеттілікті нығайтуға, экономикалық даму жолынан ауытқымауға, жаһандық және ішкі сын-қатерлер кезеңінен нық қадам басып, сенімді өтуге кепілдік беретін бірден-бір нақты бағдар екендігі туралы пікірін айтты.

Семинар-кеңесте баяндама жасағандар Президент ұсынған мемлекеттік қызметті, сот жүйесін, құқық қорғау қызметін реформалау, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мәселелері және оларды тиімді түрде жүзеге асыру жолдарын талқыланды.

Ведомствоаралық семинар-кеңеске қатысушылар талқыланған мәселелердің өзектілігін атап өтіп, олар бойынша ведомстволардың алдағы уақытта ынтымақтаса отырып, бірлесе әрекет етуге дайын екендіктерін білдірді.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі