ОҚО

ОҚО-да республика егемендігінің 25 жылдық мерейтойына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді

09/12/2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының оқу орталығы «Тәуелсіздік және сот билігі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференцияның жұмысына облыстық соттың төрағасы Н.Шәріпов, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, өңірдің жоғары оқу орындарының басшылары, оқытушылары, студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.

ОҚО соты судьяларының командасы дуатлоннан «ALTYN ADAM DUATHLON 2016» Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысты

31/10/2016

2016 жылғы 30 қазанда Шымкент қаласында кәсіпқойлар мен әуесқойлар арасында «ALTYN ADAM DUATHLON 2016» дуатлоннан (жүгіру, веложарыс, жүгіру) Қазақстан Республикасының Чемпионаты өткізілді.

Іс-шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Триатлоннан Қазақстан Федерациясы ұйымдастырды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында тәжірибелік семинар өтті

17/10/2016

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты облыстық сот және ОҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты судьяларының, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен «Оңалтудың және банкроттықтың, сондай-ақ төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа тетіктерін іске асыру кезіндегі проблемалық мәселелер» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізді.

Облыстағы медиация институтын одан әрі дамыту

05/10/2016

Ағымдағы жылдың 25 маусымында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институтын қолдану аясын кеңейту мақсатында облыс әкімдігі мен облыстық сот арасында «Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға» салтанатты жағдайда қол қойылып, алдағы уақытта осы Меморандумға басқа да мүдделі тұлғалар қосыла алатындығы көрсетілген болатын.

Оңтүстік Қазақстан облысының соттары 2016 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылады

08/07/2016

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылауға арналған кеңейтілген кеңес өтті.

Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Рахметулин, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, ОҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшылығы мен мамандары, облыстың аудандық және оған теңестірілген соттарының төрағалары мен судьялары және кеңсе меңгерушілері қатысты.                                                     

ОҚО аудандық соттарында Судьялар әдебінің қағидалары мен ережелері кодексінің жобасы талқыланды

11/04/2016

Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінде  қабылдануы жоспарланып отырған Судьялар әдебінің қағидалары мен ережелері кодексінің жобасын халыққа түсіндіру мақсатында ОҚО Судья әдебі жөніндегі комиссиясының мүшелері облыстың аудандық соттарына барып, тұрғындармен кездесті.                

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотына этномәдени орталықтардың өкілдері келді

01/03/2016

Алғыс айту күнін мерекелеу аясында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотына өзбек этномәдени орталығының төрағасы И.Хошимжанов, шешен-ингуш этномәдени орталығының төрағасы Х.Бациев, иран этномәдени орталығының төрағасы Н.Капар-Пур және Қазақстан кәрістері қауымдастығы ОҚО филиалы төрағасының орынбасары Е.Ким және «Моранбон» кәріс халық ансамблінің әртістері келді.                                                                       

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

26/02/2016

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында «Білікті түлек – келешек кепілі» атты «Ашық есік күні» өтті. Оған М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің және Академикалық инновациялық институттың ректорлары мен заң факультеттерінің студенттері қатысты.

ОҚО Судьялар одағы филиалының және Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің орталығы ашылды

12/02/2016

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Судьялар одағы облыстық филиалының, Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің, Судья әдебі жөніндегі комиссияның және Облыстың сот жүйесі ардагерлері кеңесінің жұмысын ұйымдастыруға арналған Орталық ашылды.

Судьялар мен медиаторлар бас қосты

02/02/2016

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі жанындағы «Қоғамдық келісім» орталығында жаңадан ашылған медиация кабинетінде сотта татуласу рәсімдері бойынша үйлестіруші судьялар, медиаторлар мен БАҚ өкілдерінің кездесу өтті.

Кездесуде сөз сөйлеген облыстық соттың судьясы Нұрлан Биболов жаңадан қолданысқа енген Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі бойынша медиация тәртібімен татуласу рәсімдерінің ерекшеліктеріне тоқталып өтті.                                                                                            

Беттер