Облыстағы медиация институтын одан әрі дамыту

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылдың 25 маусымында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институтын қолдану аясын кеңейту мақсатында облыс әкімдігі мен облыстық сот арасында «Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға» салтанатты жағдайда қол қойылып, алдағы уақытта осы Меморандумға басқа да мүдделі тұлғалар қосыла алатындығы көрсетілген болатын.

Бүгін облыстық сот ғимаратында қоғамның құқықтық тұрғыдан дамуын және ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастықты орнату мақсатында Оңтүстік Қазақстан облыстық соты, облыс әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, облыстық әділет департаменті, ОҚО Адвокаттар алқасы және ОҚО Нотариаттық палатасы араларында жоғарыда аталған Меморандумға қосылу туралы келісім жасалды.

Іс-шараны Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріпов ашып, «Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға» қызығушылық танытып, бұл мәселеде бірлескен іс-қимыл атқаруда мүдделік танытып отырған қатысушыларға ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, Нұрсерік Кәрімұлы бұл құжатты бекіту қоғамдағы жанжал деңгейін төмендетуге ықпал ететін дауларды сотқа дейінгі реттеу институтын, соттағы татуласу рәсімдерін жан-жақты дамыту және табысты енгізу бойынша өзара әрекеттестікті нығайту және оған қолайлы құқықтық орта туғызудың қоғамдық-саяси маңыздылығын атап өтті.

Кездесуде облыс әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М. Қалмұратов, облыстық Әділет департаментінің басшысы Е. Дауылбаев және облыстық Адвокаттар алқасы төралқа төрағасы С. Баймұратов сөз сөйлеп, аталған бағытта ынтымақтастыққа және тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге әзірліктерін жеткізіп, көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда бір-біріне жетістіктер тіледі.

Іс-шара соңында тараптар салтанатты жағдайда «Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қосылу келісіміне» қол қойды.       

Мәлімет ретінде, 2016 жылдың 9 айында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 529 қылмыстық, 1083 азаматтық іс медиация тәртібімен шешілген, ал 159 іс бойынша партисипативтік келісім бекітілген. 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі