Архив событий

05/10/2016

Маңғыстау облыстық соты брифинг өткізді

05/10/2016

Маңғыстау облыстық комуникациялар қызметінде «Сот төрелігінің жүзеге асырылуы» тақырыбында брифингі өткізілді.

Журналистердің сұрақтарына Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж. Аланов, Маңғыстау облыстық сотының судьясы Н. Тұржанов, БАҚ-пен байланысты үйлестіруші судья А. Молбаева жауап берді.

Облыстағы медиация институтын одан әрі дамыту

05/10/2016

Ағымдағы жылдың 25 маусымында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институтын қолдану аясын кеңейту мақсатында облыс әкімдігі мен облыстық сот арасында «Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға» салтанатты жағдайда қол қойылып, алдағы уақытта осы Меморандумға басқа да мүдделі тұлғалар қосыла алатындығы көрсетілген болатын.

Ақмола облыстық сотының төрағасы жергілікті соттардың судьяларымен бейнесеминар өткізді

05/10/2016

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьяларымен бейнебайланыс арқылы семинар өткізді.

Семинарға «Қазақстанның пилот сотын талдау» миссиясының сарапшылары Францияның апелляциялық сотының экс-президенті Эрве Экспер мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының отставкадағы судьясы Ақмолдаева Елена қатысты.

Сот шешімімен «Каспий Банк» АҚ-ның карточкалық шотты бұғаттау туралы іс-әрекеті заңсыз деп танылды

05/10/2016

Маңғыстау облысы Ақтау қаласының № 2 сотында талапкер Б-ның жауапкер «Каспий Банк» АҚ-ның карточкалық шотты бұғаттау туралы іс-әрекеті заңсыз деп танып, оны бұзу туралы азаматтық іс қаралды.