Архив событий

12/10/2016

Қазақстан делегациясы Душанбеде өткен халықаралық арбитраж туралы семинарға қатысты

12/10/2016

Ағымдағы жылғы 6-7 қазанда Душенбе қаласында халықаралық арбитраж туралы семинар өтті. Іс-шара Тәжікстан Республикасы Әділет министрлігінің және Еуропалық Одағының қолдауымен Еуропалық Одақтың Орталық Азияға арналған заң үстемдігі бастамасы аясында ұйымдастырылған.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен мемлекет пайдасына 1 000 000 теңгеден артық сома өндірілді

12/10/2016

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-нің жауапкер «Алакум BI» ЖШС-нен сома өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Қарағанды облыстық сотының төрағасы Пришахтинск қаласының азаматтарын қабылдауын өткізді

12/10/2016

Қарағанды облыстық сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков азаматтарға заңды көмек көрсету және олардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында Қарағанды қаласының Октябрь ауданының №3 аудандық сотында азаматтардың көшпелі қабылдауын өткізді.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы О.Н. Омаров, аудандық сот судьялары, Қарағанды облысы бойынша соттар әкімшілігі басшысының м.а. Дархан Ахашов қатысты.

Целиноград аудандық соты оқыту сот процессінің қойылымын көрсетті

12/10/2016

Ақмола облысының Целиноград аудандық соты Ақмол ауылының №5 орта мектебінің әкімшілігімен бірлесіп, 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен, алдын-ала әзірленген сценарий бойынша оқу-сот процессінің  қойылымын көрсетті.

Аталған іс-шараға «Қазақстанның пилот сотын талдау» миссиясының сарапшылары Францияның апелляциялық сотының экс-президенті Эрве Экспер мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының отставкадағы судьясы Ақмолдаева Елена қатысып, келешек ұрпаққа бұл іс-шараның тәрбиелік мәнінің маңыздылығын атап өтті.