Архив событий

19/10/2016

Шығыс Қазақстан облысында соттың қаулысың электронды түрде сақтандыру компанияларына сақтандыру төлемдерін жүргізу үшін жіберу сұрақтары талқыланды

19/10/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сот төрағасы С.М. Ибраевтың төрағалығымен «Соттың қаулысың сақтандыру компанияларына сақтандыру төлемдерін жүргізу үшін электронды түрде жіберу» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Сот шартты жарамсыз деп тану туралы талап арызды қанағаттандырудан бас тартты

19/10/2016

«Павлодар қаласының құрылыс бөлімі» ММ-сі Павлодар қаласының он үш тұрғынына жер учаскесiнiң мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылуына байланысты тұрғын үйлердi бұзу туралы шарттың тармақшасын мойындауды жарамсыз деп және коммуналдық қызмет үшін шығыстарды төлеу міндеттілігін енгізу бөлімінде шартына өзгерістер енгізу туралы талап арызбен сотқа жүгінді.  

Сот ата-анасының құқығын қорғады

19/10/2016

Қызылорда қалалық сотында талап қоюшы әкесі К-нің жауапкер баласы К-ге үйді сыйға тарту келісім шартының күшін жою туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс қарау барысында ата-анасы келісе отырып, баласының ата-анасымен қартайғанша бірге тұратыны, жастары келгенде оларға қарайтыны, қаматамсыз ететіні және мүгедек қарындасының жағдайын жасайтыны туралы уәдесі негізінде қара шаңырақ болып табылатын үйді сыйға тарту келісім шарты негізінде кіші баласының атына аударады.

Талдықорғанда әлеуметтік дамудың маңызды мәселелері мен оларды медиация мүмкіндігін пайдалана отырып, шешу жолдары талқылады

19/10/2016

Талдықорған қалалық сотында «Халықаралық құқық қоғау орталығы» қоғамдық бірлестігімен ұйымдастырылған «Әлеуметтік дамудың маңызды мәселелері мен оларды медиация мүмкіндігін пайдалана отырып шешу жолдары» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел жұмысына қатысты.