Архив событий

07/10/2016

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында азаматтық істер бойынша сот актілерінің орындалуы мәселелері талқыланды

07/10/2016

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Азаматтық істер бойынша сот актілерінің орындалуы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстелге» облыстық прокуратура, әділет департаментінің өкілдері және жеке сот орындаушылары қатысты.

Қызылорда облыстық сот брифинг өткізді

07/10/2016

Қызылорда облысының Орталық коммуникациялар қызметінде «Облыс соттарының 2016 жылдың 9 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстары және Ұлт жоспары 100 қадамнан туындаған міндеттер» тақырыбындағы брифинг өткізілді.

Қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Бақытжан Қалымбет облыс соттарының 2016 жылдың 9 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстары, сот жүйесіндегі соңғы жаңалықтар, Елбасының 100 нақты қадам «Ұлт Жоспары» аясында атқарылған шаралар туралы айтып өтті.

Қостанай облыстық сотының қауымдастығы судья Бақытқазы Ордабаевты салтанатты түрде отставкаға шығарып салды

07/10/2016

Қостанай облыстық сотының қауымдастығы 35 жыл бойына судья болып қызмет атқарған Ордабаев Бақытқазы Смағұлұлын салтанатты түрде отставкаға шығарып салды.

Жеке айыптау тәртібіндегі шағымы бойынша ақтау үкімі шығарылды

07/10/2016

Жамбыл облысы Талас аудандық сотымен К.К. мен Э.Ж.-ны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жеке шағым бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекісінің 130-бабының 3-бөлігімен (жала жабу) ақтау үкімі шықты.

Қарағанды облыстық сотының төрағасы аудандық соттарға барып қайтты

07/10/2016

Қарағанды облыстық сотының төрағасы М. Әлімбеков қызметтік іс-сапармен Абай аудандық сотына және Абай ауданының №2 аудандық сотына барып қайтты.

М.Әлімбеков жоғарыда аталған соттардың ұжымы қатысқан жиындар өткізді.

Сот судьялары мен мамандар қатысқан кездесудегі ең басты мәселе сот төрелігін атқаруда және сот жұмыстарының сапасын көтеру бойынша нақты шараларды қолдану болды.