Архив событий

18/10/2016

Сотпен 68 талапкердің жалпы 22 641 998 теңге мөлшерінде еңбекақысы өндірілді

18/10/2016

Өскемен қалалық сотының өндірісіне «Д» ЖШС-нен еңбекақы өндіру жайлы 68 азаматтан талап арыз түсті.

Азаматтардың сотқа жаппай талап арыз беруіне жұмыс беруші жұмыскерлердің еңбегі үшін сыйақы алу бойынша конституциялық құқығын бұзуы ( Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабы 2-бөлігі) себеп болған.

Арыз берушілердің еңбекақы бойынша қарыз мөлшері ұйымның мөрі мен бас бухгалтердің қолымен күәландырылған жұмыс берушінің анықтамалары және есептерімен расталған.

Қазақстан судьялары «Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы коммерциялық медиация» тақырыбында халықаралық форумға қатысты

18/10/2016

2016 жылғы 11-12 қазанда Минск қаласында (Беларусь Республикасы)  «Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы коммерциялық медиация» тақырыбында халықаралық форум өтті. Іс-шараға он бір мемлекеттің делегаттары қатысты.  Олардың ішінде: Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Рессей, Украина, Тәжікстан және Монғолия. Одан басқа форумның жұмысына Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдері және шетелдік сарапшылар Марш Билл (модератор) – Лондон халыхаралық медиаторы және Сербиядағы Ұлттық медиация қауымдастығының президенті Недик Блазо.

Павлодар облыстық сотында сот төрелігін іске асыру бойынша отырыс өтті

18/10/2016

Павлодар облыстық сотында ағымдағы жылдың 9 айына облыс соттарының жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген пленарлық отырыс өтті.

Іс-шараға Павлодар облыстық сотының төрағасы М.Смағұлов, облыстық соты алқасының төрағалары, Павлодар облыстық соттың судьялары, «Павлодар облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ-нің басшысы және оның орынбасары, облыс соттарының аудандық және оған теңестірілген соттарының төрағалары, облыс орталықтарында орналасқан соттардың судьялары қатысты.