Қазақстан делегациясы Душанбеде өткен халықаралық арбитраж туралы семинарға қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылғы 6-7 қазанда Душенбе қаласында халықаралық арбитраж туралы семинар өтті. Іс-шара Тәжікстан Республикасы Әділет министрлігінің және Еуропалық Одағының қолдауымен Еуропалық Одақтың Орталық Азияға арналған заң үстемдігі бастамасы аясында ұйымдастырылған.

Семинарға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан республикаларының мүдделі мемлекеттік органдары, жоғарғы соттары, прокуратура, адвокаттық қоғамдастық және ғылыми орталарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, форумға Франция, Германия, Грекия және Ұлыбритания сарапшылары қатысты.

Семинар мақсаты – инвестициялар үшін құқықтық қауіпсіздігті қамтамасыз ету, бизнес ахуалды жақсарту және Орталық Азия елдерінде тұрақты экономикалық даму мүмкіндігін жасау.

Семинар 2014 жылы Астана қаласында өткен заң үстемдігіне арналған төртінші конференцияда қол жеткізілген қағидаластықтар шеңберінде өтті. Онда ЕО және Орта Азия елдерінің әділет министрлері дауларды шешудің баламалы әдістерін дамытуды қолдауға және олардың маңыздылығын атап тұрақты іскерлік ортаны құру және халықаралық инвестицияларды тарту туралы келісті.

Семинар барысында Орталық Азия мен кейбір Еуропалық Одағына мүше мемлекеттердегі арбитраж туралы заңдар, Франция кассациалық сотының прецеденттік құқықғы, қаржы институтарының даму мәселелері талқыланды.

Ad hoc арбитраж (халықаралық коммерциялық арбитраж) практикасы, сонымен қатар білім беру және арбитрларды даярлау талаптары қарастырылды. Арбитрлық ескертпелерде қолданылытын құқыққа ерекше назар бөлінді.

Қатысушылар институт бойынша үздік еуропалық тәжірибе мен  халықаралық арбитраж рәсімдері, атап айтқанда, трансшекаралық инвестицияларды қорғау мақсаты және экономикалық дауларды шешуге жәрдемдесу бойынша өз ойларымен бөлісті.

Қазақстан делегациясына Жоғарғы Соттың судьясы Ұлбосын Сүлейменова кірді. Ол, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап елде республикада енгізілген Азаматтық процестік кодекстің жаңа редакциясын ұсынды. Мемлекет басшысы VI судьялар съезінде алға қойған міндеттерді іске асыру үшін жаңа редакциядағы Кодекс әзірленген, - деді Ұ,Сүлейменова. Ол Кодекстің негізгі новеллаларының маңыздылығын анықтап, үш сатылы сот төрелігінің контекстіне Кодекстің жаңа институттарын жүзеге асыру туралы айтып өтті.

Семинар соңында қатысушылар диалог құруға және Еуропа мен Орталық Азия арбитрлар  қоғамдастықтығы мүшелері арасында тәжірибе алмасу туралы бір аүыздан келісімге келді.

Источник: 
Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі