Ұ.Сүлейменова

Қазақстан судьялары «Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы коммерциялық медиация» тақырыбында халықаралық форумға қатысты

18/10/2016

2016 жылғы 11-12 қазанда Минск қаласында (Беларусь Республикасы)  «Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы коммерциялық медиация» тақырыбында халықаралық форум өтті. Іс-шараға он бір мемлекеттің делегаттары қатысты.  Олардың ішінде: Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Рессей, Украина, Тәжікстан және Монғолия. Одан басқа форумның жұмысына Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдері және шетелдік сарапшылар Марш Билл (модератор) – Лондон халыхаралық медиаторы және Сербиядағы Ұлттық медиация қауымдастығының президенті Недик Блазо.

Қазақстан делегациясы Душанбеде өткен халықаралық арбитраж туралы семинарға қатысты

12/10/2016

Ағымдағы жылғы 6-7 қазанда Душенбе қаласында халықаралық арбитраж туралы семинар өтті. Іс-шара Тәжікстан Республикасы Әділет министрлігінің және Еуропалық Одағының қолдауымен Еуропалық Одақтың Орталық Азияға арналған заң үстемдігі бастамасы аясында ұйымдастырылған.

Павлодарда «Жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодекстегі жаңашылдықтарды талқылау бойынша өңірлік семинар жұмысы басталды

26/11/2015

Бүгін Павлодар қаласында «Жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодекстегі жаңашылдықтар. Қолдану мәселелері»  тақырыбында екі күндік өңірлік семинар өтуде.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ұ.Сүлейменова, Павлодар облыстық сотының төрағасы М.Смағұлов, Қазақстан Республикасындағы Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қауымдастығының халықаралық сарапшысы Г.Шнитгер, ұлттық сарапшы И.Қуанова, республиканың облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттарының судьялары қатысты.

Жаңа редакциядағы АПК мәселелері бойынша онлайн-конференция өтті

11/11/2015

«Bnews.kz» ақпараттық порталында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ұ.Сүлейменованың қатысуымен «Бес институционалдық реформаны іске асыру шеңберінде жаңа Азаматтық процестік кодекстің қабылдануы» тақырыбында онлайн-конференция өтті.

Онлайн-конференция тақырыбы бойынша интернет тұтынушылардан сұрақтар алдын ала жиналды.