Қазақстан судьялары «Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы коммерциялық медиация» тақырыбында халықаралық форумға қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылғы 11-12 қазанда Минск қаласында (Беларусь Республикасы)  «Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы коммерциялық медиация» тақырыбында халықаралық форум өтті. Іс-шараға он бір мемлекеттің делегаттары қатысты.  Олардың ішінде: Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Рессей, Украина, Тәжікстан және Монғолия. Одан басқа форумның жұмысына Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдері және шетелдік сарапшылар Марш Билл (модератор) – Лондон халыхаралық медиаторы және Сербиядағы Ұлттық медиация қауымдастығының президенті Недик Блазо.

Қазақстан делегациясының құрамына Жоғарғы Сот судьясы Сүлейменова Ұ.А. мен Павлодар облыстық сотының судьясы Джаппарова Г.С. кірді.

Семинар барысында өңірлердегі медиация дамыту жөніндегі негізгі мәселелерді шолу, семинарға қатысушы елдердегі коммерциялық медиацияның реформа жолындағы басты кедергілер, сонымен қатар қазіргі бар проблемаларды жеңу жолындығы халықаралық тәжірибие талқыланды.  

Жеке сессия «Сот жанындағы медиацияны қалай тиімді жасауға болады» деген мәселеге арналған, қандай құрылымдар мен үлгілер қазіргі кезде бар, түрлі мемлекеттерде қолданылатын тәжірибе мен тәсілдер талқыланды.

Қазақстан судьялары республикадағы медиация жұмысындағы практикалық мәселелерге назар бөліп, оны одан әрі дамыту үшін өз ойларын ұсынды. Қазақстандық судьялар өз сөздерінде бұқаралық ақпарат құралдарын, қоғамдық ұйымдарды және коммерциялық  құрылымдарды тарту арқылы медиацианы сот қызметіне енгізу туралы айтты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы ынтымақтастық туралы меморандумдар шеңберіндегі жұмысқа, білім беру іс-шараларын және соттар арасында конкурстық негізде сот медиациясын пайдалануға ерекше назар аударылды. Форумға қатысушылар соттарда медиацияны дамыту жөніндегі қазақстандық тәжірибеге  қызығушылық білдіріп, оны алмасуға ниет білдірді. 

Форум қорытындысы бойынша ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Сүлейменова Ұ.А. осындай іс-шараларға дауласқан тараптарды, мысалы коммерциялық құрылымдарды қатыстыруды ұсынды. Іс-шара атауын «Коммерциялық медиация» тақырыбынан «Кәсіпкерлік қызмет саласындағы медиация» деп көрсетуге шақырды.

Іс-шара соңында қатысушылар диалог құру мен елдер арасындағы тәжірибе алмасу қажеттігі туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

 

Қайнар: 
Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі